"Орта салмақтағы жағдай бір жағынан көңілді, бірақ, екінші жағынан болашағы бұлыңғыр. Дивизионда таланттар көп - Геннадий Головкин, Деметриус Андраде, ағайынды Джермалл мен Джермелл Чарло, Риота Мурата, Сергей Деревянченко. Осында Хайме Мунгия көтеріліп, Крис Юбенк те түсті.
Жақсы боксшылар көп, бірақ жақсы жекпе-жек өткізуге бірінің DAZN, екіншісі PBC, ал үшіншілері ESPN арнасында жүргені кедергі сияқты. Алайда бір платформа аясында да біз белсенділік көрмей отырмыз. Алдағы уақытта-ақ тамаша жекпе-жектер өткізуге болады, дегенмен, платформалар мен промоутерлер асығар емес. Бұл қуантпайды", - дейді Стангрит.