Бокс
27 қараша 10:58
 

"Сапррингке шыққанбаыз" Айбек Баходир Джалоловты қалай жеңу керегін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Сапррингке шыққанбаыз" Айбек Баходир Джалоловты қалай жеңу керегін айтты ©Тұрар Қазанғапов

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалоловпен қалай жұдырықтасу керегін айтты. 

blog.share

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалоловпен қалай жұдырықтасу керегін айтты. 

Айта кетейік, ағайынды Оралбайлар Париж Олимпиадасына қатысып, Нұрбек 80 келіде күміс жеңіп алды, ал Айбек 92 келіге дейінгі салмақта жүлдесіз қалды. 

Енді 24 жастағы боксшы карьерасын ауыр салмақта жалғастырмақ. 

- 92 келіден аса салмақ үшін бойшаң емеспін, бірақ мен Қамшыбек Қонқабаевпен салмағым бірдей. Ол 100 келі шамасында болса, мен одан ауырлаумын. 

Ал қарсыластарға қатысты, мен жылдамдығыма сенім артамын. Олимпиададағы бойы ұзын боксшылар? Меніңше, олар соншалықты ұзын емес... Тек Баходир Джалолов екі метрден асады. Бірақ ол әуесқойдан кетіп қалды. Басқалары менен қатты биік емес. Оларды жеңуге болады деп ойлаймын. 

- Ал Джалоловты жеңу үшін онымен қалай жұдырықтасар едің?

- Онымен Петерборда спарринг өткізгенбіз. Мен 92 келіге дейінгі салмақта болдым, ол 92-ден жоғары. Жәй, жолдастық спарринг. Оның сол қолы ауыр - сол үшін тіке соққыларын бақылауда ұстау керек. 

Бірінші раундта оған ұрғызбау қажет, ал екі-үште қашықтықты жақындатып алу керек. Егер онымен айқасқа шықсам, тап солай істер едім. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!