Бүгін, 28 тамызда Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі өтеді. Шараға Қазақстанның белгілі боксшылары қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің басталуы Қазақстан уақытымен сағат 18:00-ге жоспарланған. Жарыстың тікелей трансляциясын Nomad Fighting YouTube арнасынан көруге болады.
Кештің басты жекпе-жегінде Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін филиппиндік Нил Хакамосқа (7-1, 1 КО) қарсы өткізеді. Бұл айқаста бірінші жеңіл салмақтағы IBF Asia чемпионының бос тұрған белбеуі сарапқа салынады.
Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Намибия боксшысы Иммануэль Йозеф (18-4-1, 7 КО) болады.
Еркебұлан Тоқтар да кәсіпқой рингке үшінші рет шығады. Қазақстандық боксшы өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен (1-0, 1 КО) жұдырықтасады.
Руслан Мадиев (18-2-1, 6 КО) бокс ережесі бойынша ММА қолғаптарымен жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы қазақстандық Имран Ағаев болады.
Астанадағы IBA Nomad турнирінің толық кардыСанжар Тәшкенбай (дебют) – Нил Хакамос (7-1) – IBF Asia белбеуі үшін жекпе-жек
Айдос Жаппарбергенов (7-1-2) – Алмаз Нұрғали (7-0-1) – IBA Nomad белбеуі үшін жекпе-жек
Еркебұлан Тоқтар – Бобиржон "Испанчик" Исроилов – бокс
Сәкен Бибосынов (2-0) – Иммануэль Йозеф (18-4-1) – бокс
Қанат "Канский Фестиваль" Құлмағанбетов (9-9) – Тимур "Фартовый" Абдурахманов – ММА қолғаптарымен бокс
Вадим Туков (17-0) – Эдди Колменарес (12-3-1) – бокс
Василий Чеботарь (19-0) – Хосе Мигель Боррего (23-5) – бокс
Имран "Стоматолог" Ағаев – Руслан Мадиев (18-2-1) – ММА қолғаптарымен бокс