Бокс
Бүгін 17:13
 

Санжар Тәшкенбайдың кәсіпқойдағы титул үшін айқасы: тікелей трансляция

  Пікірлер

blog.share

Санжар Тәшкенбайдың кәсіпқойдағы титул үшін айқасы: тікелей трансляция ©instagram.com/nomadfighting/

Бүгін, 28 тамызда Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі өтеді. Шараға Қазақстанның белгілі боксшылары қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 28 тамызда Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі өтеді. Шараға Қазақстанның белгілі боксшылары қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің басталуы Қазақстан уақытымен сағат 18:00-ге жоспарланған. Жарыстың тікелей трансляциясын Nomad Fighting YouTube арнасынан көруге болады.

Кештің басты жекпе-жегінде Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін филиппиндік Нил Хакамосқа (7-1, 1 КО) қарсы өткізеді. Бұл айқаста бірінші жеңіл салмақтағы IBF Asia чемпионының бос тұрған белбеуі сарапқа салынады.

Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Намибия боксшысы Иммануэль Йозеф (18-4-1, 7 КО) болады.

Еркебұлан Тоқтар да кәсіпқой рингке үшінші рет шығады. Қазақстандық боксшы өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен (1-0, 1 КО) жұдырықтасады.

Руслан Мадиев (18-2-1, 6 КО) бокс ережесі бойынша ММА қолғаптарымен жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы қазақстандық Имран Ағаев болады.

Астанадағы IBA Nomad турнирінің толық карды

Санжар Тәшкенбай (дебют) – Нил Хакамос (7-1) – IBF Asia белбеуі үшін жекпе-жек

Айдос Жаппарбергенов (7-1-2) – Алмаз Нұрғали (7-0-1) – IBA Nomad белбеуі үшін жекпе-жек

Еркебұлан Тоқтар – Бобиржон "Испанчик" Исроилов – бокс

Сәкен Бибосынов (2-0) – Иммануэль Йозеф (18-4-1) – бокс

Қанат "Канский Фестиваль" Құлмағанбетов (9-9) – Тимур "Фартовый" Абдурахманов – ММА қолғаптарымен бокс

Вадим Туков (17-0) – Эдди Колменарес (12-3-1) – бокс

Василий Чеботарь (19-0) – Хосе Мигель Боррего (23-5) – бокс

Имран "Стоматолог" Ағаев – Руслан Мадиев (18-2-1) – ММА қолғаптарымен бокс


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!