Ресейлік боксшы Эдмонд Худоян Ташкенттегі әлем біріншілігі карьерасында соңғы болуы мүмкін екендігіне байланытсы барын салуға ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келі салмақтың жартылай финалында ресейлік боксшы қазақстандық Санжар Тәшкенбаймен финалға жолдаманы сарапқа салады.
"Кемі қола жүлдеге ілігіп отырмын, бірақ мұнымен тоқтап қалмақ емеспін. Бұл менің соңғы әлем чемпионатым болуы мүмкін, сондықтан аянып қалмаймын", - деп береді Худоянның сөзін "Матч ТВ".