Санжар Тәшкенбайдың финалдық айқасы сенсациямен бітті

25 қыркүйек 2023 11:50
©instagram.com/tashkenbay_sanzhar/

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қазақстандық еңбек сіңірген бапкер Шоқыр Бөлекұлын еске алуға арналған Ақтаудағы халықаралық турнир финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келі салмақтың финалында Санжар отандасы Даниял Сәбитпен кездесіп, күтпеген жерден төрешілер шешімімен жеңілді. 

Осылайша, Даниял алтын, ал Санжар күміс жүлде иеленді. 

20 жастағы Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы: Ташкентте өткен әлем біріншілігінде ол алтын иеленген болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport