Санжар Тәшкенбайдың АЧ-де өзбек боксшыны таза жеңген видеосы

©Видеодан кадр

Жастар арасында 2021 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің 1/8 финалында Тәшкенбай 48 келіге дейінгілер арасында өзбекстандық Асилбек Джалиловты 5:0 есебімен жеңді.

Енді жартылай финал үшін айқаста жерлесіміз қырғызстандық Мирлан Туркбай уулумен қолғап түйістіреді.

Төменде Тәшкенбай мен Джалиловтың толық видеосы:

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport