Бокс
Кеше 17:07

Санжар Тәшкенбай кіші ӘЧ-дегі айқасы күтпеген жағдаймен бітті

©instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Болгарияда өтіп жатқан бокстан Еуропаның ең көне турнирі - Странджа кубогінде кезекті жарыс күні басталды, деп жазады Vesti.kz

Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші болып 48 келіде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай шықты. Ол жарысты 1/4 финал кезеңінен бастады. 

Қазақстандық боксшының қарсыласы ирландиялық Руни Луис болды.

Бұл жекпе-жектің бірінші раундында Санжар сол қолын жарақаттап алып, ары қарай жұдырықтаса аламады. Осыған байланысты жеңіс оның қарсыласына берілді. 

Айта кетейік, жарыстың беделдігіне байланысты оны кіші әлем чемпионаты деп те атап кеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport