Бокс
Бүгін 09:53

Санжар Тәшкенбай кәсіпқойға ауысты: ол бірден титул үшін чемпионмен айқасады

©ҚР ҰОК

Жеңіл салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы 28 тамыз күні Астанада өтетін Халықаралық бокс күніне арналған кеш аясында алғаш рет кәсіпқой рингке шығады. Турнирді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен Nomad Fighting ұйымы өткізеді.

Ташкенбайдың бірінші қарсыласы – филиппиндік Нил Джакамос. Кездесуде жеңіл салмақта бос тұрған IBF Asia тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Джакамос кәсіпқой рингте сегіз жекпе-жек өткізіп, жетеуінде жеңіске жеткен және бір рет жеңілген. Ол 2025 жылы Филиппин чемпионы атанып, WBC ұйымының жастар арасындағы әлем чемпионы атағы үшін де жұдырықтасқан. Сондай-ақ филиппиндік боксшы өз салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің үздік 50 спортшысының қатарына кіреді.


Ташкенбай – әуесқой бокстағы ең табысты қазақстандық боксшылардың бірі. Ол әлем чемпионатын екі рет жеңіп, халықаралық додаларда тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Енді ол кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын жасап, алғашқы чемпиондық белбеуін иеленуге мүмкіндік алады.

Еске салайық, осы бокс кешінде тағы бір екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (2-0) та шаршы алаңға шығады. Ол Намибия боксшысы Иммануэль Йозефпен (18-4-1) кездеседі.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport