Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Әлем кубогінің кезеңінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің ширек финалында ол жапониялық Содаи Котоға қарсы шықты. Жекпе-жек 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті және Ташкенбайдың жеңісімен аяқталды.
Алғашқы минуттардан-ақ Санжар қарсы шабуылға шығып, рингтің ортасын иеленді. Ол қарсыласының қасын жарып жіберді, сол себепті төреші бірнеше рет жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды - Котоға медициналық көмек қажеттілігі туындады.
Кейін жекпе-жектің қарқыны сәл бәсеңдегенімен, қазақстандық боксшы кездесуді сенімді түрде өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Санжар жарыстың жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.
Айта кетейік, Тәшкенбай - 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы.
.
Жарнама