Бокс
10 қыркүйек 08:57

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатында қарсыласын "әзер" жеңді

©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол иорданиялық Хутхайфа Эшишпен жұдырықтасты.

Жекпе-жектегі раундтардың есебі келесідей болды: 3:2, 4:1, 2:3. Қорытындысында Санжар Ташкенбай төрешілердің бөлек шешімімен - 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда Ташкенбай Үндістан боксшысы Жадуман Манденгбаммен кездеседі.

Айта кетейік, Санжар Ташкенбай - 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport