Бүгін, 12 мамырда Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпонатында жартылай финалдық айқастар өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші болып Санжар Тәшкенбай шықты. 48 келідегі 1/2 финалда ол ресейлік Эдмонд Худоянды төршілер шешімімен жеңді.
Осылайша, финалға жолдама алған Санжар кемі күміс жүлдеге ілігіп отыр.