"Сандырақ пен спектакль". Америкада Головкин - "Канело" жекпе-жегі бойынша әділдік талап етілді

Сурет: sport24.ru
Америкалық BadLeftHook.com порталы қазақсандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы бірінші жекпе-жекті қайта қарап, өз шешімін шығарды.

Боксшылар арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. 12 раунд қорытындысы бойынша, төреші Дейв Моретти 115-113 есебімен жеңісті Головкинге берді, екінші төреші Дон Трелла тең есеп шығарды - 114-114, ал Аделаида Берд Альварестің пайдасына 118-110 ұпайын көрсетті. Осылйша, бұл жекпе-жек тең аяқталып, үлкен дау тудырды. 

Таза жеңіс. Головкин - "Канело" жекпе-жегін қайта қараған тәуелсіз төрешілер шынайы шешім шығарды

"Тактикалық дуэль - "Канело" - Головкин жекпе-жегінен көргеніміз осы және өте жоғары деңгейде.

Бұл айқастың қорытындысы барлық жерде айтылды - БАҚ пен жанкүйерлер. Bad Left Hook есебінің екі қағазында 115-113 және 116-112 деген ұпай шықты, екеуі де Головкин пайдасына. Ресми нәтиже 114-114 және 115-113 болды (кейінгісі GGG пайдасына), бұл ойға қонымды. Сонымен қоса, Аделаида Бердтің 118-110 есебімен Альварестің пайдасына шешім шығарған сандырағы бар. Бұл "спектакль" үшін Невада штатының атлетикалық комиссиясы оны лицензиядан айыру керек еді. Алайда ол әлі күнге дейін төреші болып жүр", - деп жазады басылым.