Бокс
3 қараша 2021 15:06

Санатәлі Төлтаевтің кездесуіне берілген шағым бұрыс деп шешілді

©ҚФБ

Белгардта өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) пен шотландиялық Рис Линч арасындағы 2:3 есебімен аяқталған кездесуден кейін Қазақстан делегациясы жекпе-жектің нәтижесіне шағым берген еді. Бұл шағымды төрешілер мен бақылаушылар қарап, айқастың нәтижесін өзгеріссіз қалдырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осылайша, енді әлем чемпионатының финалдық жолдамасына Қазақстанның бес боксшысы таласады. Олар - Теміртас Жүсіпов (49 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі, Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі). 

Жартылай финалдық кездесулер 4 қараша күні өтеді. Ал финалдық айқастар 5 және 6 қарашаға жоспарланған. 

Айта кетейік, 1/4 финалда Асыланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) ұтылып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport