Санатәлі Төлтаев Ташкенттегі ӘЧ-де кәсіпқой боксшыны жеңді

©Данияр Майлыбаев

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкентте өтіп жатқан ӘЧ-дегі бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

63,5 келіде өнер көрсететін Төлтаев 1/32 финалда израильдік Ахмад Штивимен жұдырықтасты. Штиви кәсіпқойда да өнер көрсетіп жүргенін айта кетейік. Оның кәсіпқой рингтегі рекорды 8-0 (6 КО). 

Екі боксшы да жақсы жекпе-жек көрсетті. Алайда үш раунд қортындысы бойынша төрешілер жеңісті Санатәліге берді. 

Еске салайық, Төлтаев Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport