Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
63,5 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыздың 1/8 финалдағы қарсыласы украиналық бокшсы Денис Пецоский болды. Бұл кездесуде Төлтаев сенімді түрде жеңіске жетті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 деген есеп тіркеді.
Енді келесі айналымда Санатәлі шотландиялық Линч Риске қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Төлтаев ширек финалға өткен біздің бесінші боксшы. Бұған дейін бұл кезеңге Нұрқанат Райыс (75 келі), Серік Теміржанов (57 кел) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) шыққан еді.