Саматәлі Төлтаевтің Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаевтің (Санатәлінің егізі) Амман (Иордания) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Азия чемпионатының ширек финалында 60 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездеседі. Ол 1/8 финалда төрешілер шешімі бойынша түркіменстандық Шүкір Овезовтан айласын асырды. 

Жекпе-жек 6 қараша күні өтеді. 

Айта кетейік, Саматәлі Төлтаев Азия чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ ол жастар арасында әлем чемпионатының финалисі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар