Бокс
2 қараша 2021 19:13
 

Саматәлі Төлтаев ширек финалда жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Саматәлі Төлтаев ширек финалда жеңілді ©AIBA

60 келіге дейінгі салмақта Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған Саматәлі Төлтаев ширек финалда жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

60 келіге дейінгі салмақта Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған Саматәлі Төлтаев ширек финалда жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әлем біріншілігінің 1/4 финалында отандасымыз франциялық Софьян Умиадан жеңілді. Бұл кездесудің үш раундында да Саматәлі бірінші нөмермен жұмыс істеді. Бірақ соққылардың дәлдігі бойынша Төлтаев қарсыласынан кем түсті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті франциялық боксшыға берді. 

Айта кетейік, Саматәлі Төлтаев он боксшының арасында жартылай финалға шыға алмаған құраманың бірінші мүшесі. 

Бұған дейін шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов (48 келі) мен Махмұд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға шыққан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!