Саматәлі Төлтаев әлем чемпионатының 1/4 финалынына өтті

©AIBA

Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев Белград (Сербия) қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Әлем біріншілігінің 1/8 финалында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз колумбиялық Дуван Зулетамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен 21 жастағы Төлтаевқа берді. 

Айта кетейік, Саматәлі соңғы өткен Қазақстан біріншілігінің чемпионы. Сонымен қатар, ол жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. 

Бүгін әлем чемпионатында тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар - Асыланбек Шымбергенов және Айбек Оралбай. Бұл кездесулердің трансляцияларын мына жерден көре аласыздар. 

Еске салайық, осыған дейін Белградтағы бәсекенің 1/4 финалына Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Теміртас Жүсіпов (67 келі) шыққан еді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар