WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие Әлімханұлы 28 наурыз Квебекте алғаш рет Канадада жұдырықтасу керек болатын. Алайда бокс кеші коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.
"Қадірлі жанкүйерлер, жекпе-жегімді асыға күтіп отырған ағайын! Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінгі қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. 3 ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды. Бұйыртса жарқын күндер алда. Біз сіздермен бірге QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз", - деп жазыпты Жәнібек Іnstagram желісінде.