Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (2-0, 1 KO) кәсіпқойдағы көптен күткен титулдық жекпе-жегін өткізе алмайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
2026 жылдың 23 мамырында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтуі тиіс болған Bishkek Worldwide Clash бокс кеші ресми түрде тоқтатылды.
Бастапқыда турнир 17 сәуірге жоспарланған еді. Алайда кейін ұйымдастырушылар жарысты кейінге шегерген болатын. Ол кезде себеп ретінде Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдай айтылған.
Енді ұйымдастырушылар турнирдің толықтай өтпейтінін мәлімдеді.
Ұйымдастырушылар мәлімдеме жасады
SaikouLush Boxing Promotions өкілдері жарыстың күтпеген жағдайларға байланысты тоқтатылғанын хабарлады.
"Ресми мәлімдеме.
SaikouLush Boxing Promotions күтпеген жағдайларға байланысты "Bishkek Worldwide Clash" турнирінің тоқтатылғанын өкінішпен хабарлайды.
Осы кешті тағатсыздана күткен барлық боксшылардан, командалардан, жаттықтырушылардан, серіктестерден, демеушілерден және бокс жанкүйерлерінен шын жүректен кешірім сұраймыз. Бұл жағдайдың барша қатысушыға қолайсыздық пен көңілсіздік әкелгеніне қатты өкінеміз.
Түсіністік танытып, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз бұл жобаны қолдаған әрбір жанды жоғары бағалаймыз және болашақта бұдан да мықты болып ораламыз деп үміттенеміз", — делінген промоушеннің ресми парақшасында.
Бұған байланысты Сәкен өз піріні әлеуметтік желі арқылы білдірді:

Жарнама