Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
51 келіде өнер көрсететін Бибосынов бірінші айқасында-ақ 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматовты жеңді.
"Бірінші жекпе-жекте кездестік, жеребе солай түсті. Аллаға шүкір жеңдім, бапкерлердің ұстанымын орындап шықтым. Айқас оңай болмады. Алдағы жекпе-жектерде қате жібермей, Токиода кеткен есемнің орнын толтыра аламын деп үміттенемін", - дейді Бибосынов.
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар
@vestisport @vestikzsportVesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport
Жарнама
Загрузка матч-центра...
Жарнама
Жарнама
Жарнама
По вопросам размещения рекламы:
Жарнама