auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионымен кәсіпқойда жұдырықтасуы мүмкін

Сәкен Бибосынов Олимпиада чемпионымен кәсіпқойда жұдырықтасуы мүмкін
©AIBA

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ҚБФ-ға өзбекстандық боксшы Хасанбай Досматовпен қандай жағдайда жұдырықтасатынын айтты.  

- Сәкен, Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматов Sport.uz сайтына берген сұхбатында сізбен қайта жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бірақ қашан, қайда кездесетінін айтпады. Хасанбаймен жекпе-жек өткізуге қарсы емессіз бе? Қандай шартпен жұдырықтасуыңыз мүмкін?

- Хасанбай Досматов – Рио Олимпиадасының жеңімпазы, Уэль Баркер кубогының иегері. Былтыр Сербияда өткен әлем біріншілігінде Хасанбаймен кездесіп, жеңіске жеттім. Ол БАҚ-қа сұхбат беріп, менімен жұдырықтасқысы келетінін журналистерге айтқан екен. Әрине, екінші рет кездесуге қарсы емеспін. Екі тарап келісімге келіп жатса, әрине, жұдырықтасамын. Қай салмақ болса да. Келісім беремін. Мен қазір кәсіпқойда емеспін.

Досматовтың промоутер-менеджері бар. Ал менің менеджерім жоқ. Ол үшін промоутерлік компанияның басшылары мені шақырып: «Х.Досматовпен жұдыртасқың келе ме?» - деп жатса, қуана келісемін. Ұйымдастыру тарапы күнін, уақытын белгілеп жатса, жұдырықтасамыз. Сосын гонорары аз болмауы керек. Менің де жетістіктерім баршылық. Азия мен әлем біріншілігінің және олимпиаданың қоласын алдым, дүние жүзінің чемпионы атанып, аз ақшаға бола бокстасқым келмейді. Егер ұсыныстары көңілімнен шықса, жұдырықтасуға дайынмын.   

- Сіз Олимпиада жүлдегерісіз және әлем чемпионы деген атағыңыз бар. Ермахан Ибраймов, Болат Жұмаділов және Серік Сәпиевтер карьерасын әуесқойда аяқтап, кәсіпқойға барған жоқ. Сізде әуесқойда қалып қоймайсыз ба? Кәсіпқойға қашан ауысасыз?

- Негізі кәсіпқойға ауысу мақсатым бар. Қазір әуесқойда жүргендіктен кәсіпқойға қашан ауысатымды айтпаған жөн деп ойлаймын. Басты мақсатым, балалық шағымнан арманым – Олимпиада чемпионы атану. Алла қаласа, 2024 жылы Париж олимпиадасына қатысып, алтын үшін барымды саламын. Содан кейін жеке бапкерім Мырзағали Айтжановпен ақылдасып, ақ батасын алып кәсіпқойға ауысамын.    

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама