Қазақстандық Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы кәсіпқой бокс кешіне қатысқан. Ол жергілікті Адилет Качкынбековпен жұдырықтасты.
Алты раундтқа созылған жекпе-жек қорындысы бойынша төрешілер шешімімен Сәкен Бибосынов жеңімпаз атанды. Бұл жерлесіміздің кәсіпқой рингтегі екінші кездесуі және екінші жеңісі.
Сәкен бірер ай бұрын дәл осы Бішкек қаласында филиппиндік Кристиан Леганды нокаутпен ұтқан болатын.