Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Түркістан облысының намысын қорғайтын Бибосынов жартылай финалда Ақмола облысының өкілі Тимур Қабдешпен кездесуі тиіс еді. Алайда қарасыласы жарақатына байланысты рингке шыға алмады.
Осылайша Сәкен финалда Қызылорда облысының боксшысы Нұрсұлтан Алтынбекпен кездеседі. Ол өз кезегінде Жамбыл облысынан келген Бексұлтан Боранбекті жеңіп, шешуші кезеңге өтті.
Сәкен Бибосынов — 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ Азия чемпионаттарының жүлдегері (қола – 2021, күміс – 2022).
Қазақстан чемпионаты 21 қазанға дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы ұлттық құраманың жаңа құрамы жасақталмақ.