Бокс
9 ақпан 2022 12:08

Сәкен Бибосынов жарын көпшілікке таныстырды

©sakenbibosinov

Қазақстандық танымал боксшы Сәкен Бибосынов жұбайын таныстырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәкен Бибосынов Instagram-парақшасында қалыңдығын таныстырып жазба жариялады. Боксшы былтыр 13 желтоқсанда үйленген еді. 2021 жылғы әлем чемпионы және 2020 жылғы Олимпиада жүлдегері жарымен 2017 жылы танысқанын айтты.

"Ақ некелі жарымның есімі - Нәзира. Үлкен өмірге бірге қадам басқан жарыммен 2017 жылы таныстым. Нәзира алғаш танысқан кезден бері үнемі мені қолдап келеді. Содан бері екеуміз өмірдің қиындығын да, қуанышын да бірге еңсеріп келеміз. Тәуелсіз елімнің бірден-бір үлгілі отбасы болуымызды Аллам нәсіп етсін. Барша құттықтаған жандарға мың алғыс. Алла разы болсын", - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, қарашада Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионаты финалында Бибосынов АҚШ-тан келген Роско Хиллмен кездесіп, төрешілер бірауыздан қабылдаған шешім бойынша жеңіске жетті. Боксшы Қазақстан бокс федерациясынан 70 мың доллар алды. Сонымен қатар, Бибосыновқа Түркістан облысынан пәтер берілген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport