Бокс
19 қазан 19:40

Сәкен Бибосынов жарқын жеңіспен жартылай финалға жолдама алды

©ҚБФ

Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында кезекті тартысты кездесу өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Нұрислам Бекенмен қолғап түйістірді.

Бірінші раундтан бастап Бибосынов рингтегі жағдайды толық бақылауда ұстап, қарсыласын раунд сайын өз ырғағына түсірді. Түркістан тумасы қарсыласының шабуыл әрекеттерін дәл джебтермен қайтарып, Бекеннің тактикалық жоспарын бұзып отырды.

Сәкеннің сенімді әрі айқын басымдығы нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті оған берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport