Бокстан 55 келіге дейінгі салмақтағы ел чемпионатында Сәкен Бибосынов чемпион атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Финалда Сәкен Нұрсұлтан Алтынбекпен жұдырықтасты. Екі боксшы да шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды. Бірінші раундта қызылордалық Нұрсұлтан 3:2 есебімен басым болып шықты. Екінші раундта Сәкен 5:0 есебімен алда болды.
Үш раунд қорытындысы бойынша Бибосынов чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Айта кетейік, бұл салмақта Ливерпульде Махмұд Сабырхан чемпион атанып қайтқан болатын.