Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
51 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Бибосынов малайзиялық Гайюм Ариффинді 5:0 есебімен таза жеңді. Осының арқасында жерлесіміз сары құрлық бәсекесінде кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.
Еске салайық, Сәкен 5 қараша күні ерлер арасында ринг төріне шыққандардың арасында бір өзі болды.
Еске салайық, Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.