Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жартылай финалына шығып жүлдеге ілінді

Сурет: OLYMPIC.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 26 мамырда ол 52 келі салмақтағы ширек финалдық кездесуін өткізді. Қазақстандық боксшының қарсыласы Шри-Ланка өкілі Ласинду Эранда болды. Бибосынов төрешілер шешімімен жеңіске жетті, есеп 5:0.

Еске салайық, жартылай финалға өткен боксшы кепілді түрде жүлдеге ілігеді. Келесі кездесуінде жеңіске жеткен жағдайда ол алтынға таласады. 

Мұның алдында Дубайдағы жарыстың жартылай финалына ерлерден Даниял Сәбит (49 кг), Василий Левит (91 кг) және қыздар командасынан Назым Қызайбай (61 кг) және Римма Волосенко (60 кг) өткен болатын.

Метки:
Жаңалықтар