Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының алғашқы айқасында жеңіске жетті

©instagram.com/sakenbibosinov

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бибосынов үндістандық Кумар Спаршпен қолғап түйістірді. Айқас барысында белсенді болған құрама мүшесі ұпай санымен жеңіске жетті.

Еске салайық, сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионатының алтын медалін иеленді. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының жүлдегері атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар