Бокс
2 қазан 09:58
 

Сәкен Бибосынов алты рет жеңілген қырғызбен жұдырықтаспақ

  Пікірлер

blog.share

Сәкен Бибосынов алты рет жеңілген қырғызбен жұдырықтаспақ ©

Казахстандық боксшы Сәкен Бибосынов (1-0, 1 KO) кәсіпқой рингтегі екінші қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Казахстандық боксшы Сәкен Бибосынов (1-0, 1 KO) кәсіпқой рингтегі екінші қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

25–26 қазан күндері Бішкекте Saikou Lush промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде Бибосынов қырғызстандық Адилет Качкынбековпен жұдырықтасады. Оның еншісінде тоғыз жекпе-жек бар: үш жеңіс және алты жеңіліс.

Шілде айында кәсіпқой бокстағы дебютінде Бибосынов Қырғызстан астанасында филиппиндік Кристиан Леганені (6-2-3, 4 КО) ауыр нокаутқа түсіріп, кездесуді алғашқы раундта-ақ аяқтаған болатын.

Еске салайық, кәсіпқой боксқа ауысқанға дейін Бибосынов әуесқойда үлкен жетістіктерге жеткен: Токио Олимпиадасының (2020) қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ, Азия чемпионаттарының жүлдегері - 2021 жылы қола, 2022 жылы күміс иеленген.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!