Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

©

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Старк Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/4 финалында Бибосынов 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері колумбиялық Юберхен Мартинеспен кездесіп, жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Бибосынов бұл қарсыласын осымен екінші рет жеңді. Сәкен оны 2019 жылғы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатының 1/8 финалында да жеңген болатын. 

Осылайша, Қазақстан құрамасының төртінші боксшысы жартылай финалға шықты. Олар - Теміртас Жүсіпов (48 келі),  Махмұд Сабырхан (54 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі). 

Ал Санатәлі Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) ширек финалда сүрінді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии