Бокс
Кеше 19:42
 

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында 38 миллион жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында 38 миллион жеңіп алды © olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сәкеннің қарсыласы Замбия боксшысы Мвенго Мвале болды. Бірінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 4:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші үш минуттық кезең Бибосынов үшін одан да сәтті өтіп, ол 5:0 есебімен жеңді. Үшінші раундта да Сәкен толықтай басымдықпен өткізіп, таза жеңіске жетті.

Осылайша, Сәкен жартылай финалға өтіп, кепілді түрде жарыстың қола жүлдесін және кемінде 75 000 доллар (38,8 миллион теңге) алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!