"Саитовқа миллион, Васянікі 700 мың доллар ". Бапкер Олимпиадада жүлделер қалай сатылатынын ашып айтты

Сурет: Fightnews.info

Украиналық бокс бапкері Сергей Городничев Олимпиадада жүлделер алдын ала сатылатынын мәлімдеп, әуесқойдағы сыбайластық туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.ru.

Соның ішінде, ол 2008 жылғы Олимпиададағы Василий Ломаченконың алтын жүлдесі 700 мың долларға түскенін ашып айтты.  

"Олимпиадада бәрі қанша тұратыны белгіленіп қойған. Украинада жұдырықтасса, 12 емес, үш-төрт мықты боксшы бар, олар жеңіп отырса, оларға сөз жоқ. Қазір келісіп өткізетін жекпе-жектер де болады. Мұны бірақ ешкім айтпайды. Қорқатын болар. Ал мен ештеңеден қорықпаймын, қорқып болдым. 

Ал Олимпиадада атын жүлде, мәселен, Саитовтікі (Олег Саитов – екі дүркін Еуропа чемпионы) миллион доллар, ал Вася Ломаченко үшін Бейжіңде 700 мың болды. 

Тек мұны Вася да, оның бапкерлері де білмейді. Жоғарыдағылар ғана біледі. Олимпиадаға ақша жеткізіледі. Лондон туралы білмеймін, Бейжіңде Вася үшін ақша берілгенін анық білемін.

Мұны білетін белгілі бір топ бар, ақпарат солардан тарап кетті. Оған жеңуге мүмкіндік қана берді", - дейді Городничев  "Боксерская правда" YouTube арнасына берген сұхбатында.

Ломаченко 2008 және 2012 жылғы Олимпиадалардың жеңімпазы. Сонымен бірге, ол екі рет әлем чемпионы болған.

Жаңалықтар