Таразда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы 90 келіге дейінгі салмақтағы финалдық жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шешуші кездесуде Түркістан облысының боксшысы Сағындық Тоғамбай мен Ақтөбе облысының намысын қорғайтын Дәулет Төлемісов кездесті.
Бұл кездесуде Төлемісов төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті - 5:0. Осылай ол екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. 2025 жылы Семейде өткен ел чемпионатында Төлемісов 85 келіге дейінгі салмақта алтын жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, сағат 15:30-да басталатын кешкі сессияда тағы он финалдық жекпе-жек өтеді.
25 жастағы Тоғамбай - 2024 жылғы бокстан Азия чемпионы. Сонымен қатар оның еншісінде 2022 жылғы Азия чемпионаты мен Жазғы Азия ойындарының қола жүлделері бар.