Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында тағы бір жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда қазақстандық Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен кездеседі.
1/8 финалда Тоғамбай Ирландия боксшысы Джек Майкл Марлиді жеңген болатын.
Ал Хабибуллаев өз кезегінде грекиялық Вагкан Нанитзанианниді айқын басымдықпен ұтты.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бұл тартысты кездесу 10 қыркүйек күні өтеді. Жекпе-жек жеңімпазы жартылай финалға өтіп, жарыстың қола жүлдесін иеленеді.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы кезеңінде, яғни 1/16 финалда Сағындық Тоғамбай Ұлыбританиялық Айзек Окомен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.
Бұл әлем чемпионаты алғаш рет жаңа ұйым — World Boxing аясында ұйымдастырылуда. 4 қыркүйекте басталған турнир 14 қыркүйекте аяқталады.
Қазақ боксшы ӘЧ-де өзбекстандық Олимпиада чемпионымен айқасады
Жарнама