Бокс
10 қараша 2022 19:39

Сағындық Тоғамбай АЧ финалына жете алмады

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жете алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Азия чемпионатының жартылай финалында 86 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Тоғамбай Иордания елінің өкілі Одаи Рияд Адеальхиндави кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 0:5 есебімен жеңісті шаршы алаң иесіне берді. Осылайша, Тоғамбай Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 

Еске салайық, осыған дейін сары құрлықтың ақтық сынына Махмұт Сабырхан (54 келі), Санжар Тәшкенбай (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) жолдама алды.

Қола жүлдегер атанған спортшыларымыздың ішінде Саматәлі Төлтаев (60 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport