Сағындық халықаралық турнир финалында әлем чемпионын таза жеңді

©instagram.com/boxingkazakhstan

Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен "Ұлы жібек жолы" турнирінде Қазақстан құрамасынан Сағындық Тоғамбай рингке соңғы болып шықты, деп жазады Vesti.kz

92 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Сағындық алтын үшін айқаста ринг қожайыны Альфонсо Домингеспен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшыға берді. 

Бұған дейін Дархан Дүйсебай (71 кг) мен Талғат Сырымбетов (60 кг) те финалда жеңіске жетіп, алтын иеленді. Ал Тимур Қабдешов (54 кг) пен Теміртас Жүсуіпов (48 кг) күміс жүлдегер атанған еді. 

Айта кетейік, Домингес Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы және 2023 жылғы ӘЧ-де күміс жүлдегер атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар