"Саған барамын, сүмелек!". WBC чемпионы 41 боксшыны сұлатқан қарсыласын сескендірді

Сурет: Sportbox
Суперауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) Деонтей Уайлдерге (42-1-1, 41 КО) арнап видео жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Британиялық боксшы Instagram желісінде жаттығуынан үзінді жариялап, америкалыққа жеңілуге дайындал дегендей айтты.

"Уайлдер, саған бара жатырмын, сүмелек", - дейді Фьюри.

Еске салайық, боксшылар 2020 жылы ақпанда қарымта өткізіп, британиялық Уайлдерді нокаутпен жеңді де, WBC титулын тартып алды. Бірінші кездесу тең аяқталған. 

Ал маусым айында Фьюри суперауыр дивизионда IBF, WBA, WBO және IBO белбеулеріне ие отандасы Энтони Джошуамен жұдырықтасады деген ақпарат тараған еді.