Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камил Стефан бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахметовтің (12-0, 10 КО) келесі кездесуі қашан өтетінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Промоутердің твиттерде таратқан ақпараты бойынша, Ахмедов келесі кездесуін 17 желтоқсан күні Қазақстанда өткізеді. Бірақ отандасымыздың қарсыласы кім болатыны белгісіз.
Айта кетейік, осыған дейін Садриддин шаршы алаңға 11 желтоқсан күні Алматы қаласында шығады деген ақпарат болған еді.
Еске салайық, Садриддин соңғы мәрте шаршы алаңға 2021 жылдың 29 қаңтарында шығып, төрешілер шешімі бойынша нидерландылық Стивен Даньоны жеңді.