Садриддин Ахмедовтың промоутері өтпей қалған титулды айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

Садриддин Ахмедов. Сурет: Eye of the Tiger Management©

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камил Эстефан қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (12-0, 10 КО) жекпе-жекке шықпай қалуына байланысты мәлімдеме жасады.

16 шілде Шавиниганда (Канаданың Квебек провинциясы) Ахмедов жергілікті Мпондо Калунгамен (8-2, 3 КО) жұдырықтасу керек болған. Алайда қазақ боксшы жаттығу кезінде арқасын жарақаттап, кездесу өтпейтін болды. 

"Осы бір чемпиондық айқасты өткізе алмай қалғанымыз көңілімізді түсіріп жіберді. Екі боксшы да тамаша жаттығу лагерін өткізген еді. Бұл жағдай біздің қолымыздағы іс емес, енді ол тезірек сауғып, рингке ертерек оралады деген үміттеміз. Осылайша, өз талантының ірілігін көрсетіп, двизион шыңына өрлеуін жалғастырарына сенемін", - деп береді Эстефанның сөзін Boxingscene.com. 

Мұның алдында Садриддиннің сауығып шығуына алты апта қажет екені хабарланған. Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа тиесілі бірінші орта салмақтағы NABF белбеуі сарапқа салынатын еді.