Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың (12-0-0) келесі қарсыласы канадалық 32 жастағы Мпонда Калунга (8-2-3) болмақ, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Boxrec сайтына сілтеме жасай отырып.
Алайда Ахмедовпен жұмыс жасайтын Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы әзірге ресми ақпарат берген жоқ.
Boxrec дерегі бойынша Калунга 107 орында болса, қазақстандық боксшы қазір 52 орында тұр.
Канадалық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2013 жылы АҚШ-та өткізген. 2014 жылы екінші кездесуін өткізіп, одан кейін төрт жыл шаршы алаңға шықпаған. 2018 жылдан бері ол Канадада ғана өнер көрсетіп келеді.