АҚШ-тың Орландо қаласындағы бокс кешінде өткен жекпе-жектердің бірі күтпеген нәтижемен бітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші орта салмақтағы WBA ұйымының уақытша чемпионы, кубалық Йоэнис Тельес (10-1, 7 KO) германиялық боксшысы Абасс Барауға (17-1, 9 KO) 12 раунд қортындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңілді - 110-117, 112-115 және 111-116.
Тельес үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс. Бұған дейін ол 10 жекпе-жекте қатарынан жеңіске жеткен еді. Сонымен бірге, кубалық боксшы өзінің алғашқы қорғауында-ақ уақытша титулынан айырылды.
Ал Барау 17-ші жеңісіне жетіп, дивизиондағы позициясын күшейтті. Оның ендігі рекорды – 17 жеңіс және 1 жеңіліс.