Бокс
15 қазан 2021 18:58
 

Садриддин Ахмедовтің келесі кездесуі қайда өтетіні анықталды

  Пікірлер

blog.share

Садриддин Ахмедовтің келесі кездесуі қайда өтетіні анықталды ©Eye Of The Tiger

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі кездесуін желтоқсан айында Канада елінде өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтып берді. 

blog.share

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі кездесуін желтоқсан айында Канада елінде өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтып берді. 

Біздің қолымызда бар ақпарат бойынша, Ахмедов Eye of the Tiger Managment промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын екі бокс кешінің біреуінде шаршы алаңға шығады. 

Бұған дейін боксшының өзі келесі кездесуін желтоқсан айында өткізетінін мәлімдеді. Ал отандасымыз кәсіпқой бокстағы соңғы айқасын қаңтар айында өткізіп, нидерландылық Стивен Даньоны (18-4-3, 7 КО) жеңіп, NABF, WBC Francophone және WBA Continental белбеуін жеңіп алды. 

Осы кездесуден кейін Садриддин шілде айында жекпе-жек өткізу керек еді. Бірақ боксшы жарақат алып, жекпе-жек кейінге шегерілді. 

Айта кетейік, Ахмедов 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, осы уақытқа дейін 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!