Садриддин Ахмедов Мексикада WBA титулы үшін жекпе-жекке шығады

22 желтоқсан 2020 13:59
Сурет: Eye of the Tiger Management©

Бірінші орта салмақта WBC титулына ие қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты белігілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, 22 жастағы Ахмедов 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнавака қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Қарсыласы 31 жастағы голландиялық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО). Он раундқа есептелген бұл кездесуде бірінші орта салмақтағы WBA Continental белбеуі сарапқа салынады.

Кейінгі рет Ахмедов рингке былтыр желтоқсанда Монреальдағы бокс кешінде шығып, жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутқа түсірген.

Айта кетейік, Ахмедов Мексикада алғаш рет жұдырықтаспақ. Кәсіпқойға 2018 жылы өткен "Қазақ сарбазы" 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Он кездесуі Канадада, ал біреуі Қазақстанда өткен.

Жаңалықтар