Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ақпан айында көрісеміз", - деп жазды Ахмедов Instagram парақшасында АҚШ туының белгісін парақшаға қосып.
Демек келесі жекпе-жек Америкада өтеді.
Еске салайық, қараша айында Түркістан облысынан шыққан 27 жастағы боксшының Эдгардо Веласкеске (16-2, 16 KO) қарсы жекпе-жегі өтпей қалған болатын.
Қазақстандық нокаутшы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуір айында өткізіп, мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 KO) жұдырықтасып, қарсыластар тең түскен болатын.
Жарнама