Садриддин Ахмедов қарсыласының бәрін есінен тандырған нокаутшымен айқасуы мүмкін

© Eye Of The Tiger Managеment

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі айқасында венесуэлалық Жохан Гонзалеспен (28-1, 28 КО) жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай ақпаратты боксшының командасына жақын жүрген мәлімет көзі хабарлады. WBA ұйымының топ-15 тізіміндегі Гонзалеспен жекпе-жек рейтингте жоғарлауға жақсы мүмкіндік.

Латынамерикалық боксшы кейінгі айқасында колумбиялық Ликар Рамосты есінен тандырған. Кездесулерінің басым бөлігін Жохан отанында және бірнешеуін Панамада өткізген екен.

Мұның алдында жеңілмеген қазақ боксшы рингке желтоқсанда оралатыны хабарланған еді. Кейінгі рет Ахмедов қаңтар айында өткізіп, нидерландылық Стивен Даньоны (18-4-3, 7 КО) жеңіп, NABF, WBC Francophone және WBA Continental белбеуін иеленді. 

Осы кездесуден кейін Садриддин шілде айында жекпе-жек өткізу керек еді, бірақ, жарақат алып қалған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар