Садриддин Ахмедов болашағына қатысты маңызды шешім қабылдады

©instagram.com/sadriddin_____soq

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Instagram желісінде болашағына қатысты пост жариялады, деп жазады Vesti.kz.

"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Алланың қалауымен, Канада еліндегі промоутерлік компаниямен келісімшартымызды ресми түрде үздік, тоқтаттық. Осы орайда, келісімшартты бұзуға, мансабымыздың жақсы жаққа өрбуіне орасан үлес қосып жатқан Бахараддин ағамызға алғысымыз шексіз. Кәсіпқой бокста негізімізді (фундамент) қалауға үлес қосқан Eye of Tiger-ге және оның басшысы Камиль Эстафанға да рақмет айтамыз. Екі жақты келісіммен жолымыз екі айырылса да, Камиль Эстафенмен адамгершілік-сыйластығымыз бұзылмады.

Алла қаласа, Алаштың абыройын енді АҚШ-та асқақтатмыз. Қазақтың күрзі жұдырығын күллі әлемге мойындату үшін Лос-Анджелес қаласында жаттығумызды да бастап кеттік. Қазір де АҚШ-та біраз промоутерлерден ұсыныс түсіп жатыр. Бірақ ол ұсыныстарды әлі қабылдамадық. Мақсат-мүддеміз бір жерден шығатын, ақша мен атақ-даңқтан арды алға қоятын, бізді чемпиондыққа тез жетелейтін ең мықты промоутерлермен жұмыс істеуді көздейміз. Кез келген мықты промоутермен келісімшартқа отыруға және кез келген мықты боксшымен жұдырықтасуға дайынбыз! Арман-мақсатымызға жету үшін, еліміздің мерейін үстем етіп, абыройын арттыру үшін барымызды саламыз! SOQ-тың соққылары мен нағыз бокстың қандай болатынын көрсететін кез келді", - деп жазыпты Садриддин. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport