ESPN арнасындағы америкалық белгілі журналист Стив Ким 25 жасқа дейінгі ең мықты боксшылардың үздік ондығын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл рейтингте қазақстандық Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) те бар, жеңілмеген қазақ боксшысы тізімде жетінші тұр.
Ахмедов кейінгі рет қаңтарда Мексикада жұдырықтасып, төрешілер шешімімен голландиялық Стивен Даньоны (17-4-3, 6 КО) жеңген. Осылайша, бірінші орта салмақта WBA Continental, NABF және WBC Francophone титулдарын жеңіп алды.